Тойға 50-ге жуық қонақ жиналған
5 қыркүйекте кезекті рейд барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы мейрамханалардың бірінде 50-ге жуық адамның жиналуымен өтіп жатқан қыз ұзату тойы тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Мейрамхана әкімшісіне қатысты жиналған материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді», - деп жазылған ақпаратта.
Айта кету керек, соңғы тәулікте Полиция департаментінің қызметкерлері 57 кәсіпкерлік нысанын тексеріп, соның ішінде 43-інде карантин режимінің бұзылуын анықтаған.