Беларусь: хакерлер ІІМ сайтын бұзып, Лукашенконы із-түзсіз жоғалғандар тізіміне қосып қойған

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл тізімге ІІМ басшысы да енгізілген

Беларусь Республикасында хакерлер Ішкі істер министрлігінің ресми сайтын бұзып, із-түзсіз жоғалғандар тізімін өзгерткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Наша Нива» Telegram каналына сілтеме жасап.

Сайттағы «із-түзсіз жоғалғандар» арасында Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко мен ІІМ басшысы Юрий Караевтің есімдері пайда болған. Оларға «халыққа қарсы әскери қылмыс жасады» деген айып тағылған.

Қазір сайт ашылмай тұр.