5 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Сенбі күні елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Фото: ашық дереккөзден

5 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз дауыл тұрады, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан, Маңғыстау, Шығыс-Қазақстан, Қызылорда, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Қарағанды облысының солтүстігінде түнде кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Атырау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.