$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.09.2020, 04:34
Жаңалықтар

Алтай Көлгінов азаматтармен кері байланысты күшейтуді тапсырды

Жыл басынан бері әкім 800-ге жуық адамды жеке қабылдады

Алтай Көлгінов азаматтармен кері байланысты күшейтуді тапсырды
Фото: astana.gov.kz

Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн қабылдау өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

«Өтінім берушілер бірқатар мәселе көтерді: аз қамтылған отбасылардың оқушыларына оқу құралдарын сатып алуға сертификаттар берілді, қашықтан оқытуға - компьютерлер мен роутерлер, қосымша білім алуға, жұмысқа орналасуға, түрлі тұрғын үй бағдарламаларына қатысу тетіктерін түсіндіруге көмек көрсетілді», - деп жазылған ақпаратта.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов өз орынбасарларына, аудан әкімдеріне, басқарма басшыларына қала тұрғындарымен кері байланысты күшейтуді тапсырды.

Азаматтарды қабылдау тұрғындардың жекелеген мәселелерін шешумен ғана шектелмей, жүйелік деңгейде заңнамаға ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді. Елорда әкімдігі азаматтарды тұрақты түрде қабылдайды. Тамыз айының соңында «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» өткізіліп, оған 208 өтініш келіп түсті. Қала тұрғындарына тиімді кері байланыс пен әлеуметтік көмек көрсету үшін өткен жылдың тамызында елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша Жанұя отбасы институтын қолдау орталығы ашылды. Осы уақыт ішінде орталық 31 мыңнан астам адамды қабылдап, 42 мың сауалды өңдеді.

Жыл басынан бері елорда әкімі Алтай Көлгінов 800-ге жуық адамды жеке қабылдады. Азаматтарды қабылдауды әкім орынбасарлары, бөлім басшылары, аудан әкімдері де жүргізеді. Өткен жылы 11 мыңнан астам өтініш қаралды.

Серіктес жаңалықтары