Алматы қаласындағы халықаралық әуежайға да айыппұл салынған
Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов Нұр-Сұлтан қаласының әуежайындағы және жекелеген әуекомпанияларда карантин талаптары бұзылғаны жайында түсінік берді.
Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлігі (1600 АЕК) бойынша әкімшілік жаза қолданылды, бірақ қысқартылған өндіріс аясында елорданың әуе айлағы 2,2 млн теңге айыппұл төледі.
«Елорда әуежайында карантин шаралары сақталмаған: ұшып келген және жолға шығатын жолаушылар үшін жеке дәліздер ұйымдастырылмаған, рейске тіркелу және отырғызу кезінде жолаушылар арасында әлеуметтік қашықтық сақталмаған, терминалда дезинфекциялық кілемшелер төселмеген, перрондық автобус жүргізушілерінде қолғаптар мен маскалар жиынтығы болмаған», - деп хабарлайды.
Бұдан басқа, SCAT әуекомпаниясына қатысты қону кезінде жолаушылар арасында әлеуметтік қашықтық сақталмағаны және қызметкерлердің ауысым алдындағы медициналық тексеруін жүргізбегені үшін, ал «Air Astana» әуекомпаниясына қатысты авиабилеттерді сату кеңсесінде қорғаныс қоршауының жоқтығы, оның ішінде қызметкерлердің ауысым алдындағы медициналық тексеруін өткізбегені үшін ӘҚБК-нің ұқсас бабы (1600 АЕК) бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.
Елордалық әуежайдың үш терминалында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында жолаушылардың назарына: Т1 ғимараты (халықаралық), Т2 ғимараты (ішкі) және «Солтүстік» ғимараты - 15 стационарлық тепловизорлық кешені орнатылды.
Бұл ретте, тепловизорлардың камералары белгілі бір қашықтықта орнатылады, сондай-ақ келетін және ұшып кететін жолаушыларға қолайсыздық туғызбай, ағындағы адамдардың температурасын өлшейді, сондай-ақ олардың жиналуын болдырмайды.
Қысқартылған өндіріс мерзімінің аяқталуына байланысты Алматы қаласының халықаралық әуежайына ӘҚБК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.