ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады
Елімізде қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 6 459 адам ем қабылдап жатыр. Оның арасында 34 бала бар. Стационарларда 3 196 науқас жатыр. 3 263 адам амбулаториялық жағдайда емделуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«Жалпы, науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде, 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланған. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.