02.09.2020, 23:59
Жаңалықтар
Әли Оқаповтың тойын ұйымдастырғандарға 41 мың теңге айыппұл салынды
Той 19 тамызда Атырауда өткен
Фото: ашық дереккөзден
Әли Оқаповтың тойын ұйымдастырғандар 41 мың теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі baigenews.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқаповтың үйлену тойының суреттері тарап кеткен еді. Тойдың Атырауда карантин кезінде өткені анықталды.
«19 тамызда Атырауда карантин талаптарына қарамастан той өткізуді ұйымдастырғандарға 15 АЕК (41 мың теңге) айыппұл салынды», - деп жазылған ақпаратта.
Ал қарындасын ұзатқан Төреғали Төреәлінің карантин талаптарын бұзғанын анықтау мүмкін болмады. Материалда құқық бұзушылық жасағаны туралы куәландыратын дәлелдемелер жинау жеткілікті қамтамасыз етілмегендіктен, оларға айыппұл салынбайды.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы