SCAT Нұр-Сұлтан мен Павлодар қалалары арасында қатынайтын әуе рейсін ашпақ

Автор: Azattyq Rýhy

Алғашқы рейс 9 қыркүйекте орындалады

Фото: abilet.kz

SCAT әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан – Павлодар қалалары арасында аптасына 5 рет қатынайтын тікелей әуе рейстерін ашады. Екі қала арасында қатынайтын алғашқы әуе рейсі 9 қыркүйектен бастап орындалады деп жоспарланып отыр.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, әуе билеттері сатылымға шығып үлгерген. Билет құны 10 743 теңгеден басталады.