Павлодарда өрт болған тұрғын үйден 47 адам эвакуацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

10 қабатты тұрғын үйде үш бөлмелі пәтерден өрт шыққан

Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда өрт болған тұрғын үйден 47 адам эвакуацияланды.Олардың 15-і – балалар, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше,  Целинная көшесі, 93 мекенжайы бойынша 10 қабатты тұрғын үйде үш бөлмелі пәтерден өрт шыққан.

 «Қонақ бөлмесінде диван,  төрт шаршы аумақта заттар жанған. Өрт сөндірушілер 1956 жылғы ер адамды құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.   Ер адам алкоголь тұтынған. Құтқарушылар келгенге дейін 47 адам сыртқа өздігінен шыққан», - дейді департаментте. 

Келтірілген шығын көлемі анықталуда.  Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен 26 қызметкер мен сегіз техника, ҚР ІІМ медициналық апаттар орталығының филиалы жұмылдырылды.