Оқиға Линьфэнь қаласында болды
Қытайдың Шаньси провинциясындағы Линьфэнь қаласында «Цзюйсянь» қонақүйі мен мейрамханасы орналасқан екі қабатты ғимарат опырылып түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі CGTN-ге сілтеме жасап.
«Қазіргі таңда 17 адамның қаза тапқаны белгілі. Тағы 28 адам зардап шекті. Олардың жетеуі ауыр халде жатыр», - деп жазылған ақпаратта.
Айта кету керек, іздеу-құтқару жұмыстарына 700-ден астам адам жұмылдырылды.