29-30 тамыз аралығында елорданың М1 көпіріндегі қозғалыс тоқтайды

Автор: Azattyq Rýhy

Қала тұрғындары жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет

Фото: astana.gov.kz

29-30 тамыз аралығында елорданың М1 көпіріндегі қозғалыс тоқтайды. Қала тұрғындары мен қонақтары жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қошқарбаев даңғылынан бастап көлік айрығына дейінгі учаскеде М1 көпірінде маршруттық әдіспен орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, 29-30 тамыз аралығында автокөлік қозғалысы үшін көше ішінара жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», - деп атап өтті Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.