Өндіріс іске қосылғаннан кейін 250 жұмыс орны ашылады
Жамбыл облысында металлургия саласындағы жобаны іске асыру үшін Қытай шамамен 7,8 млрд. теңге инвестициялайды. Өңірлік кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәлімдемесін Azattyq Rýhy тілшісі LS бизнес порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Металлургия өндірістері қалдықтарын қайта өңдеу зауытының қуаты жылына 30 мың тонна дайын өнімді құрайды. Дайын өнімнің 70%-ын шетелге, 30%-ын ішкі нарыққа экспорттау жоспарланған.
Қазіргі уақытта жоба құрылыс сатысында тұр, оны іске асыру 2020 жылдың IV тоқсанына белгіленген. Құны-шамамен 7,8 млрд теңге. Өндіріс іске қосылғаннан кейін 250 жұмыс орны ашылады.
Бұған дейін хабарланғандай, құны $20 млн. болатын металлургиялық өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу зауытын салу жобасы шетелдік инвестор – «Үрімші Джонха Мульти-металл» компаниясының (Қытай) қатысуымен жүзеге асырылуда. Құрылыс 2021 жылдың басында аяқталады деп жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде полиэтилентерефталат (ПЭТ) рециклинг зауытын іске қосу жоспарланып отыр. Жоба 3 млрд. теңгеден астам сомаға бағаланады. Кәсіпорын 2021 жылы ашылады деп күтілуде. Оны іске қосу есебінен 64 жұмыс орны құрылады.
Анықтама
Рециклинг-Өндіріс қалдықтарын немесе қоқыстарды қайта өңдеу, қайта пайдалану немесе айналымға қайтару.
ПЭТ-термопластик, полиэстер класының ең көп таралған өкілі.