Актер елімізді мәдени жағынан дамытуға үлес қосқысы келеді
10 мыңнан астам қазақстандық «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысуға өтініш берді. Солардың бірі - кеше тіркеуден өткен танымал актер Мейіржан Төребаев.
«Алғашқы қадам жасай отырып, праймеризге тіркелдім. Алдағы уақытта елімізді әлеуметтік жағынан ғана емес, мәдени жағынан да дамытуға өз үлесімді қосқым келеді. Баршаңызға сәттілік пен жетістіктер тілей отырып, партияішілік сайлау жақсы өтіп, ойлаған армандарыңызға жете беріңіздер дегім келеді», - деп атап өтті Мейіржан Төребаев.