Шымкентте Абай Құнанбаев атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия ашылады

Автор: Azattyq Rýhy

Дарынды балаларға арналған жаңа мектеп орта білім беруді дамытуға және оқыту сапасын арттыруға көмектеседі

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.Талиева онлайн режимінде өткен тамыз кеңесінде жаңа оқу жылында бірқатар білім беру мекемелері ашылатынын атап өтті. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Жаңа оқу жылы басталғаннан бері Шымкентте Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай, Абай Құнанбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия жұмыс істей бастайды. Дарынды балаларға арналған жаңа мектеп орта білім беруді дамытуға және оқыту сапасын арттыруға көмектеседі»,- делінген хабарламада.