Қазақстандық ойыншы мен мәскеулік клуб 5 жыл мерзімге келісімшартқа қол қойды
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов мәскеулік ЦСКА командасының сапына ауысты. Бұл туралы мәскеулік клубтың Instagram-парақшасында хабарланды.
«Командамыздың қатарына Бахтиер Зайнутдинов қосылды. Бүгін ЦСКА мен «Ростов» командалары 22 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушының мәскеулік клубқа ауысуына байланысты келісімге келді. Зайнутдиновпен келісімшарт 2024/25 маусымының соңына дейін», - деп хабарлады.
Зайнутдинов «Ростов» сапына 2019 жылы ауысты. Ол Ресей біріншілігінің биылғы маусымында төрт гол соқты. Өткен маусымда 17 матчқа қатысып, 4 гол соқты.