Қазақстанда COVID-19 бен коронавирустық пневмониядан бір тәулікте 15 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдеген

Елімізде 23 тамызда коронавирус инфекциясы мен коронавирустық пневмониядан 15 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғаны, коронавирустың өзінен 13 адам қайтыс болса, пневмониядан екі адам көз жұмған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 құрбандарының саны – 1523, коронавирустық пневмония құрбандарының саны 258 адамға жетті.

Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдеген. Соңғы бір тәулікте вирус жұқтырған 175 адам тіркелді.