Қалада алты көшенің жолы жөнделіп жатыр
Алты көшенің жолы жөнделіп, қысқа дайындық жүріп жатыр, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
«Бүгін Әлкей Марғұлан атындағы ауылда және Шідерті кентінде жұмыс сапарымен болдым. Марғұлан ауылының тұрғындары жем-шөп базасын ұлғайту үшін 800 гектар суармалы жер өңдеуде. Шідерті кенті биыл соңғы 10 жыл ішінде алғаш рет абаттандырылуда. Қазір 3.2 км жылу желісі ауыстырылды, бұл жоспарланғанның 50 пайызын құрайды», - дейді Екібастұз қаласының әкімі Ержан Иманзайып.
Сондай-ақ, сапар барысында екібастұздықтар мен қала қонақтарына арналған демалыс орнының құрылысы талқыланды.