Бұл ресми түрде тіркелген хабар тарату станциясы
Польшада «Димаш» радиосы ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана хабарлаймыз. Бұл ресми түрде тіркелген хабар тарату станциясы, ол жерде қойылатын әндердің авторы мен орындаушыларына қаламақы төленеді. RadioDimash.pl-дің мақсаты - Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын насихаттау», - делінген Facebook-тегі «Dimash Kudaibergen Fan Club Poland» деп аталатын Димаштың фан-клуб парақшасында.
Бұл радиода Димаштың әндері көбірек қойылады, бірақ Димаштың бағытына жақын польшалық және шетел әншілеріне де қойылмақ.