Сонымен қатар 7 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстанда бір тәулікте коронавирустық пневмонияға 730 адам шалдықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
«Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 730 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 1093 адам емделіп шықты», - делінген ақпаратта.
Осылайша коронавирустық пневмония анықталғандар саны 22660 адамға жетті. 3696 адам жазылып шығып, 256 адам қайтыс болды.