Сонымен қатар өткен тәулікте 6 адам қайтыс болды
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 723 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
«Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 723 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 2139 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 21264, 243 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 2139 жетті», - деп жазылған хабарламада.