Жалпы науқастардың арасында 355 адамның жағдайы нашар
Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 20, COVID-19 пневмониясынан 6 адамның қайтыс болғанын хабарлады.
Қазір Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясынан 14 670 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 62 бала бар. Стационарларда 6 339 науқас жатыр. 8 331 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы, науқастардың арасында 355 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 78 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 49 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.