Комитет төрағасының міндетін оның орынбасары атқарады
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің бала күтіміне байланысты еңбек демалысына шыққанын хабарлады.
«Серік Сәпиев тамыздың 12-сінен желтоқсанның 23-іне дейін бала күтіміне байланысты ресми түрде еңбек демалысына шықты. Ал комитет төрағасының міндеті оның орынбасары Серік Жарасбаевқа жүктелді», - деді комитеттің баспасөз қызметінен.
2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев 2017-2019 жылдары Мәжіліс депутаты, 2019 жылдан бастап комитет басшысы болып қызмет атқарады.