Елордада үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі артқан

Автор: Azattyq Rýhy
Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда белсенді қызмет ететін ұйымдар саны – 1885-тен 2594-ке жеткен, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы Т. Рахманбердінің төрағалығымен қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік саланы жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асырылуына байланысты онлайн режимде ашық сұхбат кездесуі өтті. Кездесу барысында биыл белсенділіктің деңгейі екі есеге артқандығы айтылды. Мәселен, қызметін тұрақты жүргізетіндер саны – 1885-тен 2594-ке жетті.

Ал белсенді ұйымдар 2019 жылдың соңында 471-ден қазірде 610-ды құрап отыр. Кездесуде қазіргі уақытта елордалық үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік гранттарды орындауда елордалық ұйымдар республика бойынша көш бастап тұрғандығы жеткізілді. 2019 жылы 28 грантты елордалық ұйымдар иеленсе, биыл олардың саны 30-ға жетті. Үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстары Нұр-Сұлтан қаласының Азаматтық бастамалар орталығы арқылы біріздендіріліп келеді.

Тегтер: