Осы күнге дейін бұл мақсатқа 56 млрд теңге бөлінген еді
Қазақстанда коронавируспен күреске тағы 30,2 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкенжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Ең басында коронавируспен күреске 56 млрд теңге қарастырылған еді. Алты айдың қорытындысы бойынша 44,1 миллиард теңге игерілді. Қосымша құралдарды сатып алу үшін тағы 30,2 миллиард теңге жұмсалмақ. Осылайша, жалпы шығын 86,2 млрд теңгені құрамақ», - деді Болат Төкенжанов.