Кәсіпкерге 319 мың теңге айыппұл салынды
«Көк-Төбе» паркінде карантин кезіндегі тыйымдарға қарамастан аттракциондар жұмыс істеп тұрған. Тексерістен кейін санитар дәрігерлер кәсіпкерге 319 мың теңге айыппұл салды. Карантин талаптарының бұзылғанын дәлелдейтін бейнематериалдар да бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі
«3 тамыз күні мониторинг тобы жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Карантин талаптарының бұзылып, аттракциондардың жұмыс істейтінін дәлелдейтін бейнематериалдар да бар. Хаттама толтырылып, жеке кәсіпкерге айыппұл салынды», - деді Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Иқсан Көбеев.
Айыппұл көлемі 115 АЕК (319 мың теңге) құрады.