Ішкі істер министрі марқұмның туыстарына көңіл айтты
17 тамыз күні ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Құсайынұлы Сатов 59 жасында өмірден өтті.
«ІІМ барлық жеке құрамы ішкі істер органдарының еңбек сіңірген қызметкері Мұхаметқали Құсайынұлының қазасын ауыр қабылдады. Біз үшін бұл – орны толмас қайғы. Оның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», – деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Мұхаметқали Сатов 1961 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
2014 жылдың 20 мамырынан бастап Қазақстан Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары болды.