Жер дүмпуі Алматыда сезілген жоқ
Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 тамыз 19 сағат 06 минут 33 секундта Алматы қаласы маңында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 237 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы 8.7. MPV магнитудасы 4.2. Тереңдігі 25 км», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, жер дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.