БҰҰ: Бейрутті қайта қалпына келтіруге 565 млн доллар керек

Автор: Azattyq Rýhy

Ұйым халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады

Фото: ашық дереккөзден

БҰҰ халықаралық қауымдастықтан жойқын жарылыс болған Ливанға қолдау көрсету үшін 565 миллион доллар сұрады. Бұл туралы ұйымның гуманитарлық үйлестірушісі Наджат Рочди мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.

«Көмек мұқтаж жандарға бөлінуі тиіс. Осы үшін арнайы механизм жасалды. Жоба жергілікті және халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, жүзеге асырылмақ. Біз мұндай шараны бұған дейін әлемнің өзге де елдерінде қолдандық», - деді БҰҰ-ның гуманитарлық үйлестірушісі Наджат Рочди.

Естеріңізге сала кетсек, 4 тамызда Бейрут портында жарылыс болып, 170-тен астам адам қаза тапты. 6 мың тұрғын жарақат алды. 300 мыңнан аса адам баспанасыз қалды.