Сондай-ақ, қаулыға сәйкес, діни орындар қызметіне тыйым салынған
Атыраудан төрт бағытқа қатынайтын жолаушылар пойызы жүрмейді. Бұл туралы Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденовтің жаңа қаулысында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары бағыттары бойынша жолаушылар темір жол тасымалдары тоқтатылсын» -делінген бас санитарлық дәрігердің қаулысында.
Сондай-ақ, қаулыға сәйкес, діни орындар қызметіне (мешіт, шіркеу, ғибадатхана, синагог және т.б) тыйым салынған.