Қазақстанның он облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл облыстарда найзағай ойнап, бұршақ жауады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның он облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

16 тамызда Ақтөбе облысында найзағай ойнап, дауыл соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау, Түркістан облыстарында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетуі ықтимал.

Қарағанды облысында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Нұр-Сұлтанда ертең күн күркіреп, найзағай ойнайды.

Қостанай облысында қатты жаңбыр жауады. Кей жерінде найзағай, тұман, дауыл болып, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында найзағай, жел және шаңды дауыл болуы мүмкін. Күндіз өрт қаупі өте жоғары.

БҚО-ның солтүстік-батысында найзағай және жел болуы мүмкін. 

Ақмола облысында найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде найзағай, дауыл болып, бұршақ жаууы ықтимал. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

СҚО-ның кей жерінде найзағай, дауыл болып, бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей ауданында тұман түсіп, жел көтеріледі.