Бір күнде 828 науқас тіркелді
15 тамызда елімізде коронавирус инфекциясының белгісі бар 828 пневмония тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 828 жағдайы және 13 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздағы тіркелген мәлімет бойынша, ауырғандар саны 17494, аурудан көз жұмғандар саны 211», - делінген хабарламада.