Қазақстан мен Египет арасындағы тұрақты рейстер қайта ашылады

Туристік пакеттер Қазақстанның барлық агенттіктерінде сатылады

Қазақстан мен Египет арасындағы тұрақты рейстер қайта ашылады
Фото: ашық дереккөзден

14 қыркүйекте алғашқы рейстер ұшады. «Sunday Airlines» әуе компаниясы аптасына екі рет Нұр-Сұлтан – Шарм-Эль-Шейх және Алматы – Шарм-Эль-Шейх бағыттары бойынша тікелей ұшуды бастайды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай баспасөз қызметі хабарлайды.

2020 жылдың қазан айынан бастап Шымкент – Шарм-Эль-Шейх және Қостанай – Шарм-Эль-Шейх бағыттары бойынша тікелей рейстер қайта іске қосылады.

Туристік пакеттегі турлардың құны орташа есеппен өзгермеген және өткен жылы жасалған ұсыныстар деңгейінде қалды.

Әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылардың назарына келесі жайтты есіне салды:

Египет үкіметі Шарм-эль-Шейх және Хургада курорттарына тікелей чартерлік және тұрақты рейстермен келген туристер үшін ПТР-тестінен өтпестен келуге рұқсат беру туралы шешім қабылдады.

Алайда, Шарм-эль-Шейхке немесе Хургадаға тікелей рейстермен келген және Египетте (басқа қалалар мен аймақтарға) барғысы келетін туристер үшін қозғалыс басталғанға дейін 72 сағаттан кешіктірмей жасалған ағзадағы COVID-19 вирусының бар-жоғын дәлелдейтін ПТР-тест нәтижесі болуы міндетті.  

Үшінші елдер немесе қалалар (Каир мен Александрияны қоса алғанда) арқылы транзитпен өтетін жолаушылар үшін 72 сағаттан кешіктірмей жасалған ағзадағы COVID-19 вирусының бар-жоғын дәлелдейтін ПТР-тест нәтижесі болуы міндетті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.