Мәслихат сайлауы: өңірлердегі дауыс беру көрсеткіші жарияланды

Автор: Алмас Ерсін

Ең жоғары сайлаушылар белсенділігі Түркістан облысында, ал ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында тіркелді

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауына қатысқан азаматтардың үлесі сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 58,55 пайызды құрады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы жариялаған алдын ала мәліметтерде көрсетілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өңірлердегі сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі туралы ақпаратты елорда, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірлердегі көрсеткіш әртүрлі. Ең жоғары белсенділік Түркістан облысында тіркелсе, ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында байқалған.

Қалалар бойынша сайлаушылардың келу көрсеткіші:

  • Астана – 42,92%;

  • Алматы – 37,70%;

  • Шымкент – 44,72%.

Өңірлердегі сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші:

  • Абай облысы – 68,22%;

  • Ақмола облысы – 56,08%;

  • Ақтөбе облысы – 75,69%;

  • Алматы облысы – 60,41%;

  • Атырау облысы – 54,16%;

  • Батыс Қазақстан облысы – 55,27%;

  • Жамбыл облысы – 61,92%;

  • Жетісу облысы – 74,09%;

  • Қарағанды облысы – 56,42%;

  • Қостанай облысы – 57,14%;

  • Қызылорда облысы – 71,58%;

  • Маңғыстау облысы – 61,86%;

  • Павлодар облысы – 60,23%;

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 62,75%;

  • Түркістан облысы – 77,58%;

  • Ұлытау облысы – 54,61%;

  • Шығыс Қазақстан облысы – 65,48%.