Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Алматы қаласының Медеу ауданында көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, құтқарушылар тұрғындарды жедел эвакуациялады. Төтенше оқиға Пушкин көшесінде орналасқан бес қабатты үйде тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ғимараттың екінші қабатындағы пәтерлердің бірінде жиһаз өртенген. Кіреберісті қою түтін басқандықтан, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.
Құтқарушылар арнайы тыныс алу қалпақтарын пайдаланып, баспалдақ арқылы төрт адамды қауіпсіз жерге шығарды. Өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берілмей, толықтай сөндірілді.
Ресми ақпаратқа сәйкес, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.