ОСК: Сайлаушылардың 12,31 пайызы сағат 10:00-ге дейін дауыс берді

Автор: Дәулет Ботагөз

Учаскелердегі дауыс беру процесі жалғасып жатыр

Фото: © istockphoto.com

Бүгін Қазақстан мәслихаттары депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша республикада тізімге енгізілген сайлаушылардың 12,31%-ы өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған алдын ала деректерге сәйкес, таңғы уақытта ең жоғары көрсеткіш Ақтөбе (16,49%), Қызылорда (16,33%) және Түркістан (15,32%) облыстарында тіркелген.

Өзге өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалардағы көрсеткіштер төмендегідей:

  • Абай облысы — 12,56%;
  • Ақмола облысы — 12,04%;
  • Ақтөбе облысы — 16,49%;
  • Алматы облысы — 13,53%;
  • Атырау облысы — 11,86%;
  • Батыс Қазақстан облысы — 11,85%;
  • Жамбыл облысы — 12,83%;
  • Жетісу облысы — 14,24%;
  • Қарағанды облысы — 14,01%;
  • Қостанай облысы — 9,75%;
  • Қызылорда облысы — 16,33%;
  • Маңғыстау облысы — 13,02%;
  • Павлодар облысы — 10,91%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 10,82%;
  • Түркістан облысы — 15,32%;
  • Ұлытау облысы — 12,97%;
  • Шығыс Қазақстан облысы — 14,37%;
  • Астана қаласы — 9,93%;
  • Алматы қаласы — 6,41%;
  • Шымкент қаласы — 12,67%.

Еске салайық, учаскелердегі дауыс беру процесі жалғасып жатыр, ОСК алдағы сағаттардағы жаңартылған мәліметтерді кезең-кезеңімен жариялайды.