Астанада боран соғып, аяз күшейеді: демалыс күндері ауа райы қалай өзгереді

Автор: Алмас Ерсін

Елордада жел екпіні секундына 28 метрге дейін күшейіп, түнде ауа температурасы -10 градусқа дейін төмендейді. Алматыда тұман мен жауын-шашын, Шымкентте жаңбыр күтіледі

Фото: istockphoto.com

Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құбылады. Елордада қар жауып, боран мен көктайғақ күтіледі. Алматыда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауса, Шымкентте түнгі және таңғы уақытта жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

Астана

27 қарашада елордада күн бұлтты болады. Кей уақытта, негізінен, қар жауып, жер бетінен бұрқасын соғады. Көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге жетеді. Түнде және таңертең кей уақытта желдің екпіні 23–28 метрге дейін күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде және күндіз -2...0 градус болады.

28 қарашада да күн бұлтты болып, кей уақытта қар жауып, боран соғады. Көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 17–22 метр болады. Ауа температурасы түнде және күндіз -5...-7 градусқа дейін төмендейді.

29 қарашада күн бұлтты, кей уақытта қар жауады. Түнде жер бетінен бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, түнде және таңертең екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -8...-10, күндіз -5...-7 градус болады.

Алматы

27 қарашада Алматыда күн құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, кей уақытта жауын-шашын күшеюі мүмкін. Тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +3...+5, күндіз +5...+7 градус болады.

28 қарашада күн құбылмалы болады. Түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +2...+4, күндіз +6...+8 градус болады.

29 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Ауа температурасы түнде 0...+2, күндіз +6...+8 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкент

27 қарашада Шымкентте күн құбылмалы болады. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2–7 метр болады. Ауа температурасы түнде +4...+6, күндіз +8...+10 градус болады.

28 қарашада жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +2...+4, күндіз +8...+10 градус болады.

29 қарашада да күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0...+2, күндіз +6...+8 градус болады.