Тұман, көктайғақ: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Автор: Алмас Ерсін

Елордада қар мен көктайғақ күтілсе, Алматыда ауа температурасы төмендейді. Ал Шымкентте күндіз +24 градусқа дейін жылы болады

Фото: istockphoto.com

Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құбылады. Елордада қар жауып, боран мен көктайғақ күтіледі. Алматыда жаңбыр аралас қар жауса, Шымкентте күндіз ауа температурасы +24 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

Астана

26 қарашада елордада күн құбылмалы болады. Күндіз жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метр болады. Күндіз жел 15–20 метрге дейін жетіп, екпіні секундына 23–28 метрге күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде -1...+1, күндіз +6...+8 градус болады.

27 қарашада күн бұлтты болады. Кей уақытта, негізінен, қар жауып, жер бетінен бұрқасын соғады. Көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метр, кей уақытта 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -2...0 градус болады.

28 қарашада да күн бұлтты болып, кей уақытта қар жауады. Жер бетінен бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -3...-5 градус болады.

Алматы

26 қарашада Алматыда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7, күндіз +15...+17 градус болады.

27 қарашада күн құбылмалы болып, кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +5...+7 градус шамасында болады.

28 қарашада күн құбылмалы болады. Түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Ауа температурасы түнде +3...+5, күндіз +6...+8 градусқа дейін төмендейді.

Шымкент

26 қарашада Шымкентте күн құбылмалы болады. Күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Екпіні 15–20 метрге, күндіз кей уақытта 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +22...+24 градус болады.

27 қарашада күн құбылмалы болып, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр, түнде екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6, күндіз +8...+10 градус болады.

28 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр болады. Ауа температурасы түнде +3...+5, күндіз +8...+10 градус болады.