Олардың қатарында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі де бар
ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековті және басқа да адамдарды ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰҚК мәліметінше, олар «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінген.
Оқи отырыңыз:Қазығұрттың бұрынғы бас дәрігері өлім аузындағы науқастарға оттегі беретін аппараттың орнына Астанадан үй сатып алған
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және «Заң және Тәртіп» қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасуда», - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Біздің Instagram және TikTok желісіндегі парақшаларымызға жазылыңыздар.