Алматыда биіктігі он метрге жететін қойма өртенді

Автор: Тәжібай Әлия

Оқиға бүгін болған

Фото: скриншот

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы қоймалардың бірінен өрт шықты. Жалын шарпыған нысанның биіктігі шамамен 10 метр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

112 пультіне Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Стасов көшесінде орналасқан қойма ғимаратынан түтін шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел түрде жіберілді. Құтқарушылар келгенге дейін ғимаратта ашық жалын шарпып, айналаға қою түтін таралған.

Оқи отырыңыз:Алматыдағы оқиға: Атакенттегі атыс тұрғындардың зәресін ұшырды (ВИДЕО)

Ал ғимараттың қаңқасы металлдан жасалып, қабырғалары сэндвич-панельдермен қапталғандықтан өртті сөндіру жұмысында қиындық туған. Осыған байланысты оқиға орнында ТЖМ күштері мен құралдары жоғары шақырту дәрежесі бойынша жұмылдырылды.

«Өртті тиімді сөндіру үшін су үздіксіз берілді. Өрт сөндіру бөлімшелері жалынды оқшаулау және толық сөндіру бойынша қажетті жұмыстарды жүргізді. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрттің көршілес ғимараттарға таралуына жол берілген жоқ», – деп хабарлады ТЖМ.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Оқыс оқиға жайлы әлеуметтік желіде де видеолар тарады.

Біздің Instagram және TikTok желісіндегі парақшаларымызға жазылыңыздар.