Алматыдағы орталық көшелердің бірінде түнде көлік қозғалысы шектеледі

Автор: Дәулет Ботагөз

Жөндеу жұмыстары 22 қараша күні сағат 22:00-де басталып, 23 қараша таңғы сағат 06:00-ге дейін жалғасады

Фото: © istockphoto.com

Алматы қаласында кабель тарту жұмыстарына байланысты орталық көшелердің бірінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, 22 қарашадан 23 қарашаға қараған түні Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Жөндеу жұмыстары 22 қараша күні сағат 22:00-де басталып, 23 қараша таңғы сағат 06:00-ге дейін жалғасады.

Шектеу аталған учаскеде кабель желілерін ашық әдіспен тарту жұмыстарына байланысты енгізіледі. Жөндеу кезінде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін мердігер ұйым жол жабынын және абаттандыру элементтерін толық қалпына келтіруге міндеттелді. Әкімдік өкілдері жүргізушілерді жүру бағытын алдын ала жоспарлап, балама айналма жолдарды пайдалануға шақырады.