Дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады
«Қазгидромет» РМК мамандары ертең, 2026 жылғы 23 қарашаға арналған республикалық ауа райы болжамын жариялады. Дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 23 қараша күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Сондай-ақ жел күшейеді. Тек еліміздің қиыр шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Төтенше жағдайлар қызметі мен жол полициясы жүргізушілерді тұман мен көктайғақ кезінде жолда барынша сақ болуға шақырды.