Қазақстандық оқушылар қысқы демалысқа қашан шығады

Автор: Алмас Ерсін

Желтоқсанда оқушыларды қосымша демалыс күні мен қысқы каникул күтіп тұр

Фото: istockphoto.com

Қазақстандық оқушылар қысқы демалысқа 28 желтоқсанда шығады. Екінші тоқсанның соңғы оқу күні – 25 желтоқсан. Қысқы каникул 14 күнге созылып, 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бекітілген кестеге сәйкес, оқушылар 28 желтоқсаннан бастап демалады. Ал сабақ 2027 жылғы 11 қаңтарда қайта басталады.

Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша қысқы демалыс қарастырылған. Олар 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында тағы жеті күн демалады.

Бұдан бөлек, желтоқсанда оқушыларды мерекелік демалыс күні күтіп тұр. 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өтеді. 2026 жылы мереке сәрсенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбаған.