Алматы – Өскемен тасжолында жүк көлігі отқа оранды

Автор: Дәулет Ботагөз

Өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталуда

Фото: скриншот

Жетісу облысы аумағындағы республикалық маңызы бар Алматы – Өскемен автожолында жүк көлігі отқа оранды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, төтенше жағдай бүгін, 21 қараша күні аталған трассаның 302-шақырымында болған. Алдын ала деректерге сәйкес, қозғалыс кезінде DAF маркалы жүк көлігінің алдыңғы бөлігінен өрт шыққан.

Оқиға кезінде көлік салонында жүргізушіден басқа ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға орнында шұғыл қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталуда.