Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Ирменовті қабылдады

Автор: Темірхан Айжан

Президент оған тапсырмалар берді

Фото: Ақорда

Президент ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге қойылған міндеттер туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен өткен жиын қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау аясында Мемлекет басшысына ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін реформалау және тиімділігін арттыру бойынша қолға алынатын шаралар туралы баяндалды.

Кездесу соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді.