19 қарашадан бастап елорда жүргізушілеріне жолдағы уақытша шектеулерге байланысты бағыттарын өзгертуге тура келеді
Астанада Қордай және Қаныш Сәтбаев көшелерінің арасындағы жол учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу инженерлік желілерді тарту жұмыстарына байланысты енгізіліп, 2026 жылғы 19 қарашадан 2027 жылғы қаңтардың соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, құрылыс-монтаж жұмыстары Алматы ауданында жүргізіледі. Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеруді және жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұрайды.