Бұл жайлы Threads қолданушылары жарыса жазуда
Балабақшада балаларға беретін өлеңдердің сапасы Threads желісінде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желі қолданушылары бүлдіршіндерге берілген бірқатар тақпақтың ұйқасы үйлеспейтінін, мазмұны түсініксіз екенін айтып, авторлардың шығармашылығына сын білдіріп жатыр. Бірі өлең жолдарының құрылымына назар аударса, енді бірі балалар әдебиетіне қойылатын талап пен тәрбиешілер таңдайтын шығармалардың сапасына қатысты пікір жазған.
Халық: «Масқара, ұстазы қалай берген бұл тақпақты?», « Күлетін дүние емес», «Біздің де қызға болмайтын бір тақпақ берген еді. ЖИ арқылы жасалған-ау», «Масқара!», «Бұрын біз жаттаған өлеңдер қайда кеткен?», «Тәрбиешісі оқып барып таратты ма екен? Әлде басқа ұлт па? Не қара сөз емес,не өлең емес,не жаңылтпаш емес....Ал мағынасы ше?!» , - деп жазған.
Біз де Threads қолданушыларының назарын аударған бірнеше өлеңді жинақтадық.
Айта кетейік, бұған дейін айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақовтың танымал әнші Yenlik-тің мәтініне шүйлігемін деп, сөз естіп қалғанын жазған едік. Ақынның айтуынша, «Алуан, алуан адам бар ей қыз», Алдар, алдар алданба» мәтінінде мән жоқ.
«Қарындасым бағың жанып, бақытын ашылсын. Орындаушылығың, мен дауысыңа басқа кәсіби мамандар пікір айтар. Бірақ дәл мына мәтіннің мағынасы жоқ. Мен оны сөз түсінетін қазақ ретінде айтып отырмын. Өнерге келген екенсің елдің асына мақтауына да, жекірінді жаныған сынына да дайын бол. Ішім ашығаннан емес тілге жаны ашығаннан сөйлейміз», - деді ол.
Ал осыдан кейін Yenlik ақынға өзінің шығармашылығын толық зерттеуге кеңес беріп, ақынның әрекетін сынады.