Бұл туралы бүгін Құрылтай отырысында баяндады
Адамның рұқсатынсыз оның түрі мен дауысын пайдаланып, жалған және интимді сипаттағы материал жасайтындарға қатысты құқықтық шаралар күшетілуі мүмкін. «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі, Құрылтай депутаты Гүлісхан Нахбаева дипфейк видеоларды жедел анықтап, әлеуметтік желілерден жою және оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту тетіктерін әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Депутаттық сауалында ол жасанды интеллектіні қылмыстық мақсатта пайдаланатындарға назар аударды. Айтуынша, осындай сипатта жасалған бейнероликтің бірі 240 мыңнан астам қаралым жинаған
«Бүгінде жасанды интеллектінің заманауи технологиялары жалған фото, бейне және аудиоматериалдар жасауға мүмкіндік береді. Бұл үшін жоғары кәсіби дағдылар мен арнайы құралдар да қажет емес. Ашық қолжетімді фотосурет немесе дауыс жазбасы ғана жеткілікті. Яғни, жасанды интеллектіні қылмыстық мақсатта және интимді сипаттағы бейнежазбалар жасау үшін пайдалану үлкен қауіп төндіреді», - деді депутат.
Айтуынша, тіпті толығымен жасанды материалдың өзі адамның беделіне зиян келтіруі мүмкін.
«Бүгінде осы құқықтық кепілдіктерді іс жүзінде іске асыру айрықша маңызға ие. Өзінің бейнесі немесе дауысы заңсыз пайдаланылған азамат қайда жүгіну керек екенін, заңсыз материалды қалай жоюға болатынын және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке қалай тартуға болатынын білуі тиіс. Бұл ретте уақтылы әрі тиімді шаралар қабылдау ерекше маңызды. Цифрлық ортада ақпараттың таралу жылдамдығы дәстүрлі ақпарат тарату арналарымен салыстырғанда мыңдаған есе жоғары», - деді ол.
Сонымен бірге жеке тұлғаны қорғау мен сөз бостандығы, журналистік, ғылыми және көркемдік қызмет арасындағы ақылға қонымды тепе-теңдікті сақтаудың да маңызды екенін тілге тиек етті.
«Алайда жалған мәлімдемелерді шындық ретінде таратуға негіз болмауы тиіс», - дейді депутат.
Осы мәселеге байланысты Гүлісхан Нахбаева келесі ұсыныстарды айтты.