Ал 37 жекеменшік балабақшадағы заңсыздықтың 36-сын тәрбиешілер жасады деген күдікке ілінді
Барлығы 37 жеке меншік балабақшаның 36-сында бүлдіршіндер тәрбиешілерден зәбір көрді. Бүгін Үкімет сағатында Құрылтай депутаты Айжан Наимбекованың сұрағына жауап берген Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның сөзінше, 2024–2026 жылдары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 42 резонасты факті тіркелді. Олардың 37-сі жекеменшік балабақшаларда болған және олардың 36-сын балабақшаның тәрбиешілері жасаған.
Құрылтай депутаты Айжан Наимбекова балабақшалар мен мектепалды сыныптарда балаларға қатысты зорлық-зомбылықты ерте анықтау мәселесін Үкімет сағатында көтерген еді. Ол мысал ретінде 11 жасынан бастап әкесінің зорлық-зомбылығына ұшыраған қыздың оқиғасын келтірді. Қыз өзіне жасалған әрекеттердің дұрыс емес екенін 15 жасқа жеткенде түсініп, ол туралы жақынына айтқан. Депутаттың пікірінше, мектеп жасына дейінгі балаларға мұндай жағдайды түсіну қиын, ал айтып беру одан да қиын. Ол министрліктен балаларға қатысты зорлық-зомбылық белгілерін анықтаудың бірыңғай құралы қалай енетінін, балалардың жағдайын бағалауды кім және қаншалықты жиі жүргізетінін сұрап, бұл талап жекеменшік балабақшалар қолданыла ма деп сұрады.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова министрліктің жалпы мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, 2026 жылдың маусымында ведомствоаралық іс-қимыл алгоритмін, механизмін бекіткенін айтты.
«Заңнамада мәселе толық қарастырылған. Қазір Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-1-бабында балаларға қатысты құқық бұзушылық туралы белгілі болған жағдайда, оған тиісті реакция білдірмегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Егер тәрбиеші баланың денесінен жарақат немесе басқа да зорлық-зомбылық белгілерін байқаса, бұл туралы міндетті түрде балабақша басшысына хабарлауы керек. Ал балабақша басшылығы құқық қорғау органдарына жеткізуге тиіс. Дәл осындай талап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы бүлдіршіндерге де қатысты», - деді ол.
Министрдің сөзінше, заңнамада балалардың құқықтарын қорғау талаптарын орындамағаны үшін 71 тұлғаға айыппұл салынды. Сонымен бірге, балабақша басшыларының балаларға қатысты жағдайларға тиісті назар аудармауы үшін де әкімшілік жауапкершілік көзделген. Осы норма бойынша бүгінге дейін 135 балабақша басшысы жауапқа тартылған.