Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ
Өскемен қаласындағы Қаныш Сәтбаев даңғылында автокөлік отқа оранды. Төтенше жағдайлар министрлігі күштерінің жедел әрекеті арқасында өрттің таралуына жол берілмеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өртенген көлік газбаллон жабдығымен жабдықталған. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынды 10 шаршы метр аумақта толық сөндірді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
ТЖМ өкілдері жүргізушілерге, әсіресе газбаллон жабдығы орнатылған көліктерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды ескертті.