Бір күнде төрт жұп егіздің өмірге келуі – ерекше жағдай
Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының перзентхана бөлімшесі мен консультативтік-диагностикалық орталығында қуанышты оқиға болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Бір күнде төрт әйел егіз босанды. Дүниеге бірден сегіз сәби келді. Бұл төрт отбасы үшін қос қуанышқа айналып, медицина қызметкерлері үшін де есте қаларлық ерекше сәт болды.
«Аналардың аман-есен босанып, нәрестелердің қауіпсіз дүниеге келуін қамтамасыз етуге акушер-гинекологтар, неонатологтар, акушерлер, анестезиолог-реаниматологтар мен медбикелер атсалысты. Олар жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытты», – деп жазылған хабарламада.
Ведомство мәліметінше, бір күнде төрт жұп егіздің дүниеге келуі – ерекше жағдай.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте биыл дүниеге келген 20 мыңнан астам сәбидің 213-і – егіз, төртеуі – үшем екені айтылды.